Мамандыққа адалдық – өмірлік ұстаным

Мамандыққа адалдық – өмірлік ұстаным

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қалыптасуы мен дамуына өзінің ұзақ жылғы еңбегімен үлес қосқан мамандардың қатарында Шарбеков Ерғалы Ғаниоллаұлының орны ерекше.

Ерғалы Ғаниоллаұлы – Қарағанды медициналық институтының түлегі. 1982 жылы санитариялық-гигиеналық факультетті тәмамдап, сол жылы Ақтоғай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог болып  еңбек жолын бастады.

Кәсіби білімі мен тәжірибесін ұштастыра отырып, Ерғалы Ғаниоллаұлы саладағы жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. 1995 жылы санитариялық-эпидемиологиялық станциясының басшысы болып тағайындалса, 1997–2006 жылдары бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды.

2006 жылдан 2023 жылға дейін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарып, ұжым жұмысына жетекшілік етті. Осы жылдар ішінде оның кәсібилігі, жауапкершілігі мен мол тәжірибесі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Ерғалы Ғаниоллаұлының саладағы еңбек өтілі 40 жылдан асады. Көп жылғы еңбегі мен кәсіби біліктілігі жоғары бағаланып, 2018 жылы Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Кәсіби мереке қарсаңында Ерғалы Ғаниоллаұлына санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі, мол тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі үшін шынайы алғыс білдіреміз. Әрдайым еңбегіңіздің жемісін көріп, құрмет пен ыстық ықыласқа бөлене беріңіз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1291383?lang=kk