Профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық кездесу өткізілді

Профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық кездесу өткізілді

Профилактикалық кабинетте учаскелік полиция инспекторы профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық сұхбат өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың заң талаптарын сақтауына бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңестер берілді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзуға, әкімшілік және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Учаскелік полиция инспекторы азаматтарға құқықтық жауапкершілік туралы түсіндіріп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай профилактикалық кездесулер құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1291337?lang=kk