Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында World Cleanup Day (Дүниежүзілік тазалық күні) халықаралық экологиялық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.
2026 жылғы 18 қыркүйекте сағат 10.00-де Ырсай ауылында "World Cleanup Day" халықаралық экологиялық акциясы өтеді.
Іс-шара аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халықтың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын арттыру мәселелеріндегі мемлекеттік органдардың, қоғамның және волонтерлардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.