14.09.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қызметкерлерге марафонның мақсаты, қатысу шарттары мен ережелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану және қорғау талаптары, оны басқа тұлғаларға беруге жол берілмейтіні, сондай-ақ ЭЦҚ-ны тиісінше пайдаланбаған жағдайда көзделген заңнамалық жауаптылық шаралары туралы қосымша ақпарат берілді.
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ АЯСЫНДА АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1291223?lang=kk