БЕЛСЕНДІ ЗЕЙНЕТ: БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА СКАНДИНАВИЯЛЫҚ ЖҮРУДЕН «КҮЗГІ МАРАФОН» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

БЕЛСЕНДІ ЗЕЙНЕТ: БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА СКАНДИНАВИЯЛЫҚ ЖҮРУДЕН «КҮЗГІ МАРАФОН» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Отбасы күніне орай Астана қаласының «Байқоңыр» ауданындағы Ататүрік саябағында скандинавиялық жүрістен «Күзгі марафон» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мүшелері арасындағы бірлік пен өзара қолдауды нығайту, отбасының қоғамдағы маңызын арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Марафонға белсенді зейнеткерлер мен аудан тұрғындары қатысып, таза ауада дене шынықтырумен айналысып, өзара қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік алды.

Мұндай іс-шаралар аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын ұстануына және қоғамдық өмірге араласуына ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/1290846?lang=kk