Шортанды ауданында ұлттық спорт түрлерінен дүбірлі жарыс өтті!

Шортанды ауданында ұлттық спорт түрлерінен дүбірлі жарыс өтті!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында, Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын қолдау мақсатында Шортанды ауданының атшабарында ұлттық спорт түрлерінен тартысты жарыс ұйымдастырылды. Дүбірлі додада көкпар мен бәйгеден спортшылар бақ сынап, ат үстіндегі шеберлігі мен ептілігін көрсетті. Қызу бәсеке көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, ұлттық спорттың қадір-қасиетін айшықтай түсті.Шараға аудан тұрғындары, спортшылар және ұлттық спорт жанашырлары қатысып, атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық ойындардың куәсі болды. Аудан әкімі жарысқа қатысушыларды құттықтап, ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды дәріптеудің, ұлттық спортты қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ шараның өтуіне атсалысып, демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Мерекелік шара барысында өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылып, спорт пен ұлттық мәдениет сабақтастығы көрініс тапты. Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды. Ұлттық спорт – ұлт рухының айнасы! Төл ойындарымызды дәріптеу – ұлттық мұрамызды ұлықтап, жас ұрпаққа өнеге көрсету. #ШортандыАуданы #ҰлттықСпорт #Көкпар #Бәйге #ҰлттықҚұндылық #ЗаңЖәнеТәртіп #ОтбасыКүні #Қазақстан35

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1290757?lang=kk