Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!!!

Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!!!

Тарбағатай аудандық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы 2026 жылдың 22-ші қыркүйек күні сағат 11.00-де аудан әкімдігі ғимаратында (Жамбыл көшесі, 15, 1-қабат) өтеді. Сол күні бірлескен тұрақты комиссия отырысы сағат 8.30-да өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1.Тарбағатай аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі.

2.Аудан аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудағы атқарылған жұмыстар және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы. Мал шаруашылықтарының субсидиялау бағдарламаларына қатысуы мен тиімділігі туралы.

3.«Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері, депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылықтар жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2025 жылғы есебі.

4.«Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының 2025 жылғы есебі.

5.«Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы.

Тарбағатай аудандық

мәслихатының төрағасы            О.Канагатов  

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1290695?lang=kk