Мемлекеттік инспекторлар қысыммен жұмыс істейтін ыдысқа техникалық куәландыру жүргізді

Мемлекеттік инспекторлар қысыммен жұмыс істейтін ыдысқа техникалық куәландыру жүргізді

Тексерісті  Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «QAZEXPOCENTRE - PIPE» ЖШС өндірістік нысанында жүзеге асырды. Шара барысында жабдықтың негізгі конструкциялық элементтерінің, дәнекерленген қосылыстарының, арматуралары мен сақтандырғыш құрылғыларының жай-күйі тексеріліп, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі бағаланды. БҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау — кәсіпорындардың тұрақты қызметі мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі екенін ескертеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1290483?lang=kk