АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ АУДАННЫҢ АЛТЫ АЙЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ АУДАННЫҢ АЛТЫ АЙЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ
Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның 2026 жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жоламан Тұрлыбеков баяндама жасап, аудан бойынша биылғы жылға 9 блоктан тұратын 103 индикатор бекітілгенін және олардың орындалу барысына кеңінен тоқталды.
Мәжілісте салықтық түсімдердің орындалуы, өндірілген айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіштері, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың профилактикасы, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар және азаматтардың өтініштеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды.
Мәселені қорытындылаған аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін одан әрі арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталып, барлық қала және ауыл әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына әрбір индикатордың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, жоспарлы межелерге қол жеткізу үшін жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ аудан басшысы мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджеттік түсімдерді ұлғайту, инвестиция тарту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды күшейту және халықпен кері байланысты жандандыру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Мәжіліс барысында жауапты сала басшылары өзге де маңызды бағыттар бойынша есеп беріп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы пысықталды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі ауданның тұрақты дамуы әр саладағы нақты нәтиже мен жоғары жауапкершілікке байланысты екенін атап өтіп, барлық көрсеткіштердің орындалуы қатаң бақылауда болатынын және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1290475?lang=kk