2026 жылғы 9 қыркүйекте Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «РТИ-АНПЗ» ЖШС қызметкерлері мен медициналық пунктінің медицина қызметкерлері арасында «Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) және тұмаудың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – маусымдық жұқпалы аурулардың, атап айтқанда тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру. Іс-шара барысында уақтылы вакцинациялаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі, адамдар көп шоғырланатын орындарға баруды шектеу, жеке бас гигиенасын сақтау және үй-жайларды тұрақты желдету қажеттілігі түсіндірілді. Сондай-ақ медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 11-ПГСВ «2026–2027 жылдардың эпидемиялық маусымында тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы таныстырылды. Семинар соңында қатысушыларға тұмау немесе ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігі айтылды. Қатысушыларға жадынамалар мен буклеттер таратылды.
ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша семинар өткізілді