Мемлекеттік қызметтер мен құқықтық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызметтер мен құқықтық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылдың 11 қыркүйегінде «Алдабергенов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында  мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жиыны өткізілді.

Жиын барысында аталған ғимаратта 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілетіні, сондай-ақ тұрғындардың қажетті мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына мүмкіндік беретін өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы мен құқықтық кеңес алуға арналған «Құқық» кабинеті жұмыс істейтіні түсіндірілді. Тұрғындарға аталған мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жолдары жан-жақты жеткізілді.

Сонымен қатар, «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ауылдық округ аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, мал ұрлығының алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану, күдік тудыратын азаматтар байқалған жағдайда тиісті органдарға хабарлау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған балалардың тәртібі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері де сөз болды.

Жиынның негізгі мақсаты – тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру, құқықтық сауаттылығын күшейту және ауылдық округ аумағында заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу.

Қатысушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және алаяқтықтың түрлі тәсілдерінен сақ болу жөнінде нақты түсіндірмелер берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/1290238?lang=kk