«Шақаман CUP»: Достық ауылдық округінде шағын футболдан турнир өтті

«Шақаман CUP»: Достық ауылдық округінде шағын футболдан турнир өтті

Достық ауылдық округінде күзгі кіші шағын футболдан «Шақаман CUP» турнирі ұйымдастырылды. Турнирдің негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және спортқа деген қызығушылықты арттыру. Тартысты өткен спорттық додаға барлығы 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

Жүлделі орындар:

  • I орын – «Түрксіб» командасы
  • II орын – «Шақаман» командасы
  • III орын – «Шақаман» командасы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!  Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-dostyk;abay-zhanasemey/press/news/details/1290113?lang=kk