ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЕЛУ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЕЛУ  ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

​ Ағымдағы жылдың 11  қыркүйек күні жергілікті уақыт 11:00 де, Шалқар аудандық мәслихатының кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясының жалпы отырысы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлы,  аудан әкімінің орынбасарлары, қала  әкімі,  басқарма басшысы, бөлім басшылары, қоғамдық кеңестің төрағасы және  ақпарат құралдарының өкілі,сондай-ақ мәселесі бойынша шақырылғандар  қатысты. Депутаттар сессияның күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелерді талқылады.

  1. Шалқар ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.

          Баяндамашы: Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлы -  Шалқар ауданының әкімі.  

  1. Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 ақпандағы №192 «Терроризмге қарсы комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: С.Джуманов – Шалқар ауданы әкімінің орынбасары.

  1. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №221 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          Хабарламашы: А.Бурамбаева –  «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

         Сессия соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shalkar/press/news/details/1290077?lang=kk