ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару: кәсіпкерлер нені білуі керек?

ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару: кәсіпкерлер нені білуі керек?

         2026 жылдан бастап Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебінен шығару тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұрынғыдай айналым көлемінің азаюы ҚҚС бойынша есептен шығуға негіз болып табылмайды.

        Қандай жағдайларда ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығаруға болады?

        Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 103-бабына сәйкес, ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

        жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы салық режиміне (АСР) ауысқан кезде;

        жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде;

        заңды тұлға таратылған кезде.

        Ерікті түрде ҚҚС есебінен шығу мүмкін емес

        Егер кәсіпкердің немесе ұйымның айналымы төмендеп, белгіленген шекті мөлшерден аспайтын болса, бұл ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығуға негіз болмайды.

         АСР-ға ауысқан кезде не істеу қажет?

        Арнаулы салық режиміне ауысу кезінде салық төлеуші ҚҚС бойынша тарату декларациясын тапсырып, салық заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді орындауы тиіс.

        Маңызды

        ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұруға міндетті тұлғалар заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қосымша салық міндеттемелері есептелуі мүмкін.

        Салық заңнамасындағы өзгерістерді қадағалап, өз міндеттемелеріңізді уақытылы орындаңыз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1290026?lang=kk