Мемлекеттік баж қандай жағдайларда қайтарылады?
Мемлекеттік баж мынадай жағдайларда қайтарылады:
баж қате төленген жағдайда;
өтініш уәкілетті органға берілмеген жағдайда;
сот талап қою арызын қайтарған немесе оны қабылдаудан бас тартқан жағдайда;
мемлекеттік қызмет көрсетілмеген жағдайда.
Мемлекеттік бажды қайтару үшін қайтаруға құқықты растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, «ИСНА Салық төлеушінің кабинеті» электрондық сервисі арқылы электрондық өтініш беру қажет.
Қайтару төлеушінің банктік шотына жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бажды қайтару
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1290024?lang=kk