Бензин мен дизель отыны бойынша тіркеу есебінен шығару тәртібі туралы

Бензин мен дизель отыны бойынша тіркеу есебінен шығару тәртібі туралы

Құрметті салық төлеушілер!

         Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 105-бабы 3-тармағына сәйкес бензин мен дизель отынын өндіру және өткізу бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерді тіркеу есебінен шығару салық органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.

         Атап айтқанда, жалдау шартының қолданылу мерзімі тоқтатылған жағдайда немесе салық заңнамасында көзделген өзге де негіздер туындаған кезде тіркеу есебінен шығару рәсімі белгіленген тәртіппен автоматты түрде жүргізіледі.

        Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген жағдайлар орын алған кезде қызметті тоқтату туралы «Е-Өтініш» платформасы арқылы қосымша өтініш жолдаудың қажеті жоқ.

        Тіркеу есебінен шығару рәсімі салық органы тарапынан дербес жүзеге асырылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1289997?lang=kk