24 және 25 маусымда салықтар мен төлемдерді төлеудің кезеңі аяқталады
Қаралым: 21
ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ: 2026 ЖЫЛҒЫ 25 МАУСЫМҒА ДЕЙІН: • Шетелдік персоналға төленген табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы (ЖТС); • Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы. 2026 ЖЫЛҒЫ МАУСЫМ АЙЫ ҮШІН: • Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер; • Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы. 2026 ЖЫЛҒЫ МАМЫР АЙЫ ҮШІН: • Төлем көзінен ұсталатын КТС және ЖТС; • Әлеуметтік салық; • Бірыңғай төлем; • Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ); • Міндетті зейнетақы жарналарының жұмыс беруші жарналары (МЗЖЖ); • Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ); • Әлеуметтік аударымдар; • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС); • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары). СОНЫМЕН ҚАТАР: • Мамыр айында жер пайдалану шарты жасалған жағдайда жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; • Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы – ағымдағы төлем және мамыр айында рұқсат алынған жағдайда; • Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақы – ағымдағы төлем.