Дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама дегеніміз не?

Дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама дегеніміз не?

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 83-бабына сәйкес, мемлекеттік кірістер органы дебиторға дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама жіберуге құқылы.

         Мұндай хабарлама салық төлеуші банк шоттарындағы қаражат есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылғаннан кейін де салық берешегін өтемеген жағдайда жолданады.

         Хабарлама дебиторлық берешекке өндіріп алу шарасын қолданудан кемінде 10 жұмыс күні бұрын жіберіледі.

         Дебитор салық төлеуші алдындағы берешегінің бар екенін растауы немесе тиісті түсіндірме ұсынуы қажет.

         Хабарламаны орындау мерзімі – табыс етілген күннен кейінгі 20 жұмыс күні.

          Құрметті салық төлеушілер!
Салық міндеттемелерін уақытылы орындап, мемлекеттік кірістер органдарының хабарламаларына мұқият қарауларыңызды сұраймыз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1289982?lang=kk