ҚҚС артық сомасын қайтару туралы не білу қажет?

ҚҚС артық сомасын қайтару туралы не білу қажет?

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 125-бабына сәйкес, есепке жатқызылған ҚҚС сомасы есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші ҚҚС артық сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

         ҚҚС қайтаруын кімдер ала алады?
• Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді нөлдік мөлшерлемемен өткізетін тұлғалар;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалану келісімшарты аясында қызмет жүзеге асыратындар;
• Қазақстан аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алушылар.

        Қандай жағдайда қайтарылмайды?
• АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдар жазып берген шот-фактуралар бойынша есепке жатқызылған сома;
• Пайдалы қазбаларды заттай нысандағы салық міндеттемесін орындау есебіне беру бойынша операцияларға қатысты сома;
• Қосымша ҚҚС есепке жатқызылған салық кезеңдері бойынша қалыптасқан артық сома.

         Қалай қайтарылады?
• Салық төлеуші ҚҚС декларациясында қайтару талабын көрсетеді;
• Қайтаруға жататын сома расталғаннан кейін салық органына салықтық өтініш беріледі;
• Қайтару банк шотына аудару немесе басқа салық түрлері бойынша есепке жатқызу арқылы жүзеге асырылады.

         Маңызды ақпарат
• Егер салық берешегі болса, ҚҚС артық сомасы автоматты түрде сол берешекті өтеуге бағытталады;
• Егер қайтарылған сома кейіннен салықтық бақылау нәтижесінде расталмаса, ол өсімпұлмен бірге бюджетке қайтарылуға тиіс.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1289973?lang=kk