Жалақы кешіктірілсе, жұмыс беруші берешекпен бірге әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл төлеуге міндетті. Жалақы айына кемінде бір рет төленуі тиіс.
Заң талаптарын бұзған жұмыс берушіге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жұмыскер еңбек құқықтары бұзылған жағдайда аумақтық еңбек инспекциясына жүгіне алады.
❗ Жалақыны уақытылы әрі толық төлеу — жұмыс берушінің міндеті.