2026 жылғы 15 қыркүйекте Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы хабарлама

Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы хабарлама

 

2026 жылғы 15 қыркүйекте сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.

Отырысты ашады және жүргізеді: Қостанай облыстық мәслихаты бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.Ш. Манасбаев.

 

Отырыстың күн тәртібі:

 

Мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілген мәслихат шешімдерінің кейбір жобаларын алдын ала қарау туралы:

  1. Мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 266 «Қостанай облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Мәслихаттың 2023 жылғы 11 тамыздағы № 43 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 278 «Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

Анықтама және қатысуға өтінімдер телефон арқылы: 8 (7142)542430, 542080.        

e-mail: 575601@mail.kz 

Онлайн-көрсетілімге сілтеме:

 

 Қостанай облыстық мәслихатының отырысы https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru интернет-ресурста онлайн режимде, сондай-ақ мәслихаттың Facebook парақшасында https://www.facebook.com/share/18Z6eC5X4f/?mibextid=wwXIfr тікелей эфирде көрсетіледі.

Архивтік жазба ресми https://t.me/+zmkoI_xYIggwZWMy телеграм-арнада орналастырылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1289893?lang=kk