Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, теріс діни ағымдардың алдын алу және олардың зиянды ықпалынан сақтандыру мақсатында «Жат ағымнан сақ бол!» тақырыбында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Қабанбай ауылының «Нұрмұхамед» мешітінің имамы Азамат мырза арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Кездесу барысында имам жастарға жат діни ағымдардың белгілері, олардың адам санасына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар діни ақпаратты кез келген әлеуметтік желіден қабылдай бермей, оның дұрыстығын сенімді әрі білікті дін мамандарынан тексерудің маңыздылығына тоқталды.
Азамат мырза жастарды діни мәселелерде сақтық танытуға, арандатушы және күмәнді ақпараттарға ермеуге, дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуге шақырды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан тұщымды жауаптар алды.