Бүгін, ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Н.С. Болатовтың төрағалығымен ZOOM платформасы арқылы онлайн-режимде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында Ұзынкөл ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы мәселелер қаралды.
Қаралатын мәселелер бойынша барлық материалдар алдын ала депутаттарға танысу үшін жіберілді.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.