Ағымдағы жылдың 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында “НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның аясында #45 мектеп-гимназиясында Әл-Фараби АПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Б. Тұрғын оқушылармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты - білім беру ұйымында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы тәртіп пен жауапкершілікті арттыру.
“Назар аударыңыз, балалар!” жедел профилактикалық іс-шарасы
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1289771?lang=kk