Аудан тұрғындарының бастамасымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Спасская көшесі, 77/7 мекенжайында аумақты абаттандыру және балалар ойын алаңын салу жобасы жүзеге асырылды.
Мұнда асфальт-бетон және тартан жабыны төселіп, қоршаулар, балалар ойын кешендері мен воркаут элементтері орнатылды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін сыртқы жарықтандыру тіректері мен бейнебақылау жүйесі орнатылды.
Енді бұл аумақ балалар мен аудан тұрғындарының демалуына, ойын ойнауына және спортпен шұғылдануына арналған қолайлы әрі қауіпсіз орынға айналды.