Целиноград ауданының прокуратурасы мектеп оқушылары арасында дебат өткізді

Целиноград ауданының прокуратурасымен «Заң мен  тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Талапкер ауылында мектеп оқушылары арасында «Адалдық пен парасаттылық – заң мен тәртіптің негізі» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын дәріптеу.

Дебатқа ауданның әртүрлі мектептерінен «Жас Ұрпақ» жобасының қатысушыларынан құралған 6 команда қатысты.

Оқушылар тақырып аясында өз ұстанымдарын білдіріп, пікір алмасып, заң мен тәртіпті сақтауда адалдық пен парасаттылықтың маңызын талқылады.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің шешендік қабілеттерін, сыни ойлау және дәлелді пікір білдіру дағдыларын көрсетті.

Іс-шараға жалпы 400-ден астам оқушы қамтылды.

Дебат қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командаларға ақшалай сертификаттар табысталып, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттауға бағытталған.

Ақмола облысының прокуратурасы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1289711?lang=kk