2026 жылғы 9 қыркүйекте Ұлытау облысының Әділет департаменті «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында адвокаттар мен жеке сот орындаушылардың қатысуымен Жезқазған қаласындағы №4 мектептің педагогтері мен қызметкерлеріне “Әділет кеңес береді” акциясы өткізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағымдану тәртібі, сондай-ақ сот билігінің тәуелсіздігі қағидаттары түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша құқықтық түсіндірмелер мен консультациялар алды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1289690?lang=kk