Қазақстанда 5 пен 9 жас аралығындағы әрбір төртінші бала артық салмақтан зардап шегеді. 2024 жылы бұл көрсеткіш 23,2%-ды құрады.
Сарапшылар бұл мәселені фастфуд, тәтті сусындар және дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Жасөспірімдердің 66,6%-ы аптасына кемінде бір рет, ал 14,4%-ы күн сайын тәтті сусындар ішеді. 2025 жылы балалар мен жасөспірімдер арасында екінші типті диабеттің 1 104 жағдайы тіркелді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында кариестің 80 мыңнан астам жағдайы анықталды.
Мамандар зиянды өнімдердің жарнамасына, әсіресе цифрлық ортада бақылауды күшейтуді ұсынады.
Қазақстанда әрбір төртінші бала артық салмақтан зардап шегеді
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1289635?lang=kk