Ақтауда қала күніне арналған мерекелік гала-концерт өтеді

Ақтауда қала күніне арналған мерекелік гала-концерт өтеді
Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі аясында Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстраданың танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт ұйымдастырылады.

Гала-концертке қатысатын өнер майталмандары:

• Ұлықпан Жолдасов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері;
• Тамара Асар – Қазақстанның халық әртісі;
• Маржан Арапбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор;
• Жанар Дугалова – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
• Райм – қазақстандық әнші және музыкант.

Өтетін күні: 27 қыркүйек Өтетін орны: Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, «Амфитеатр» алаңы Басталу уақыты: 19:00

Қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік кештің қадірлі қонағы болып, еліміздің танымал өнер жұлдыздарының орындауындағы әсем әндерді бірге тамашалауға шақырамыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1289563?lang=kk