Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы

Мәслихат төрағасы А.С. Асанованың төрағалығымен Тимирязев аудандық мәслихатының кезекті ХХХХ сессиясы өтті. Депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістерді қарады. Бұл мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж. З. Бекішева ақпарат берді. 

Жайылымдарды пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Қ. Қасенов Тимирязев ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024–2028 жылдарға арналған жоспарға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәлімдеді. 

Тағы бір мәселе аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның жұмысына қатысты болды. Депутаттар оның дербес құрамына өзгерістер енгізді. Бұл органның негізгі міндеті — қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің жұмысына жәрдемдесу, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың қоғамға бейімделуіне көмектесу. 

Сессия қарауына шығарылған барлық мәселелерді депутаттар талқылап, қолдау білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша шешімдердің жобалары бекітілді. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазанов қатысты. 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1289505?lang=kk