10 қыркүйекте «Қызмет алушы күні» өтті

10 қыркүйекте «Қызмет алушы күні» өтті

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынысы бойынша 2026 жылғы 10 қыркүйекте «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ-де «Қызмет алушы күні» өтті.

Кент тұрғындары тікелей салалық мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Іс-шара барысында 11 адам әлеуметтік қамсыздандыру және жер қатынастары  саласында  егжей-тегжейлі түсіндірмелер мен білікті көмек алды.

 

«Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1289492?lang=kk