Бейнеу аудандық полиция қызметкерлері қару иелеріне профилактикалық тексеру жүргізуде

9–11 қыркүйек аралығында Бейнеу ауданының аумағында заңсыз қару айналымының алдын алуға бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері азаматтардың иелігіндегі қару-жарақтың сақталуы мен пайдаланылуына қойылатын талаптардың орындалуын тексеруде. Сондай-ақ қару иелеріне қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қаруды сақтау және пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілуде.

Профилактикалық іс-шара аясында заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен өзге де қару түрлерін анықтауға, сондай-ақ олардың заңсыз айналымға түсуіне жол бермеуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері қаруды белгіленген тәртіппен тіркеу, сақтау және пайдалану талаптарын бұзған тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді анықтау, олардың заңсыз айналымына жол бермеу, қарумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Полиция азаматтарды қаруды сақтау талаптарын сақтауға және заңсыз қару-жарақ немесе оқ-дәрілер туралы ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

https://www.instagram.com/p/DdGV3i8jsjO/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1289396?lang=kk