📢 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде семинар-кеңес өтті

📢 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде семинар-кеңес өтті

Іс-шара барысында радикалды ағымдардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.

🎙️ Іс-шараға төмендегі спикерлер қатысты:

🔹 Рымқұлов Сұлтан Аманболдыұлы — Қарағанды облысының дін істері басқармасының «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ оңалту жұмысы бөлімінің басшысы, теолог.

📌 Баяндама тақырыбы: «Радикалды ағымдардың алдын алу».

🔹 Тоқатов Руслан Алтаевич — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-түсіндіру пулының спикері, заң ғылымдарының магистрі.

📌 Баяндама тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл».

👤 Сонымен қатар Департамент басшысының орынбасары Муслимов Н.Е. мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселесі бойынша сөз сөйледі.

🤝 Семинар барысында қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру, адалдық, жауапкершілік және мемлекеттік қызметті өткеру кезінде белгіленген талаптарды сақтау мәселелерін талқылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/events/details/48583?lang=kk