ҚОБДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ
№ 63 ШЕШІМІ
Қобда ауылы 14 қыркүйек 2026 жыл
Аудандық мәслихаттың кезекті отыз алтыншы
сессиясына шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезекті отыз алтыншы сессиясы Қобда ауданы, Астана көшесі №48, әкімшілік ғимаратында 2026 жылғы 23 қыркүйек күні сағат 11-00 ге шақырылсын.
Сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- Аудан әкімінің 2026 жылдың І-жартыжылдығында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін атқару туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі. Баяндамашы: І.Д.Тынымгереев – Қобда ауданының әкімі.
- Аудан бойынша Қобда аудандық көпсалалы коледжінде дайындалып жатқан мамандардың сапасы және кадрлар резервін дайындауда атқарылып жатқан іс – шаралар туралы. Хабарламашы: Б.Ж. Алтаев - Қобда көпсалалы колледжінің директоры.
- Басқада мәселелер.
Қобда аудандық мәслихатының
төрағасы Ж. Ерғалиев