«Ашық есік күні» акциясы өтеді

«Ашық есік күні» акциясы өтеді

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы халық пен мемлекеттік орган арасындағы байланысты нығайту, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде сағат 16:30-18:00 аралығында «Ашық есік күні» акциясын өткізеді.

📍 Өтетін мекенжайы: Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, №83 үй.

Акция барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша басқарманың тиісті мамандарынан  қажетті кеңес пен түсіндірме ала алады.

Барша азаматтарды «Ашық есік күні» акциясына қатысуға шақырамыз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/events/details/48515?lang=kk