Декомпозицияланған ақпараттық жұмысты жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Декомпозицияланған ақпараттық жұмысты жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша бизнес-құрылымдар өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімінің орынбасары Есіргепов Б.А. аудан аумағында орналасқан сауда және кәсіпкерлік нысандарын аралап шықты. Дүкендер мен басқа да кәсіпкерлік нысандарға бару барысында басшыларымен және қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prom-osakarovka/press/events/details/48454?lang=kk