Хабарландыру
«Іле аудандық мәслихат аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2, 4-тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 2-30 қыркүйек аралығында «Іле аудандық мәслихат аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болса, келесі телефон арқылы хабарласуға болады:
Тел: 2-00-27 Жауапты: Бас маман С.Ерболатұлы