«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылдың 2 қыркүйегінде Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету негізінде Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өткізілді.  

Әлеуметтік акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және халыққа тегін заң көмегін көрсету.

Іс-шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары, Мемлекеттік сот орындаушы, нотариустар, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сала мамандары, Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері қатысып, азаматтардың құқықтық мәселелері бойынша кеңес берді.

Іс-шара барысында тұрғындар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша мамандарға жүгініп, зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерін тағайындау тәртібі, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі туралы сауалдарына толық жауап беріп, заң көмегін көрсетті.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/events/details/48308?lang=kk