Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
  1. «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ 2026 жылдың 05 қазанда сағат 10:00-де Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршруттардың лоттары шығарылады:

 

№

лота

Маршрут нөмірі

Маршруттың атауы

 

автобустар саны

қажетті жылжымалы құрам

1

№96

Алматы халықаралық әуежайы -

«Нұркент» шағын аудан

15

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

2

№130

Көктобе - 7-ші қалалық аурухана

15

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

3

№12

Алматы-2 теміржол вокзалы – «Медеу» мұз айдыны

16

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

4

№87

Азаматтық авиация академиясы (кеден) – «Горный Гигант» шағын ауданы

18

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

5

№134

Алматы-1 теміржол вокзалы - Төле би/Яссауи бұрылу алаңы

14

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

6

№140

«Райымбек батыр» метро станциясы – микрорайон "Горный Гигант"

9

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

7

№132

«Ұлжан-1» шағын ауданы – «Ұлжан-2» шағын ауданы– «Сайран» метро станциясы

12

орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

8

№145

Алматы-2 теміржол вокзалы - Гагарин/Жандосов

5

үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

9

№35

«Адем» сауда орталығы– «Қарасу» шағын ауданы

10

орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес

  1. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 510 каб. мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2026 жылдың 18 қыркүйекте сағат 18.00 дейін.
  4. 2026 жылдың 3 қыркүйекте Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.

             Анықтама алу үшiн телефон: 225-12-80.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport-almaty/press/events/details/48300?lang=kk