«Халық заңгері»республикалық әлеуметтік акциясы өткізіледі

«Халық заңгері»республикалық әлеуметтік акциясы өткізіледі

2 қыркүйек күні Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінде «Халық заңгері»республикалық әлеуметтік акциясы өткізіледі.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың сала мамандары бар.

Өтетін мекен-жайы: Талсуат ауылдық округі, Ақмешіт көшесі, 53

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/events/details/48275?lang=kk