Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:
1) «Алматы облысы Қарасай ауданы Жанатұрмыс ауылының бас жоспары. Түзету» жобасына түсіндірме жазба;
2) «Алматы облысы Қарасай ауданы Жанатұрмыс ауылының бас жоспары. Түзету» жобасына схемалар;
3) «Алматы облысы Қарасай ауданы Жанатұрмыс ауылының бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша қоршаған ортаға ықтимал әсер етуге скрининг жүргізу туралы есеп.
.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: ЖШС «Казгипроград» жобалау институты 1.
СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: Алматы облысының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2050 ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 21 шілдеден бастап 2026 жылғы 3 тамызды қоса алғанға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 3 тамыз).
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-02-83, 74-13-83
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрліктің Кеңсесінің электрондық поштасына жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz
Құжаттарыңыздың Министрліктің Кеңсесіне келіп түскенін міндетті түрде +7 (7172) 74-08-44 телефоны арқылы нақтылауыңызды сұраймыз.
Стратегиялық экологиялық бағалау материалдары орналастырылған:
- Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
- «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында.