Инклюзивті қоғамды дамыту: Комитет қызметкерлері 6 шақырымдық жүгіруге қатысты

Инклюзивті қоғамды дамыту: Комитет қызметкерлері 6 шақырымдық жүгіруге қатысты

Инклюзивті қоғамды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті 6 шақырымдық инклюзивті жүгіруге қатысты.

Жүгіруге мүгедектігі бар адамдар, кресло-арбаны пайдаланушылар, сондай-ақ қатысушыларға бүкіл қашықтық бойы қолдау көрсеткен ерікті жүгірушілер – «пилоттар» қатысты.

Жүгіру соңында барлық қатысушылар естелік медальдармен марапатталып, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсерге бөленді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/lspm/press/events/details/48237?lang=kk