ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ – БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР МЕН ӨЗАРА СЕРІКТЕСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛДЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ – БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР МЕН ӨЗАРА СЕРІКТЕСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛДЫ
Бүгін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің арасында "Ынтымақтастық туралы меморандумға" қол қойылды.
 
Екі жақты меморандум аясында еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, жұмысшылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру үшін семинарлар өткізу және еңбек дауларының алдын-алу, мекеме, кәсіпорындар тарапынан құрылған ұжымдық шарттарының заңдылығына мониторинг жасау мақсатында кәсіподақпен бірге жұмыс жүргізу жоспарлары талқыланды.
 
Екі жақты тараптардың өкілдері Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шайдулла Жандос Шайдуллаұлы арасында келісімге қол қойылды.
 
Меморандумның мақсаты – қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын, қауіпсіз еңбек жағдайларында құқықтарын сақтауды, қорғауды қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестік шеңберінде әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады. Құжат өзара іс-қимылды нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/events/details/48198?lang=kk