Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қызылорда облысы Сырдария ауданының мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 16 шілде - 30 шілде аралығында аудандықмәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін)тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін белгіленген қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыретіне бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 30 шілдеге дейін, дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.
Сырдария аудандық мәслихаты
Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы – Е.Е.Әжікенов.
Мәслихаттың орналасқан жері: Сырдария ауданы, Алиакбаров көшесі, 24.
Жауапты тұлғалар – Токманов Самат Тасболатович, қызметтік телефондарының нөмірі: (872436)21057, (872436)21544, ұялы.тел: 87057235111,
электрондық пошта мекенжайы: syr.maslihat@mail.ru
Сырдария аудандық мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне 1 кандидатты сайлайды.
|
№ р/с |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері (мекенжайы, сайлау комиссиясы орналасқан ғимарат) |
Сайлау комиссиясындағы бос орындар саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Аумақтық сайлау комиссиясы |
|||
|
1. |
|
Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі, № 9А үй, «Тереңөзек кентінің әкімі» МКҚ әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің ғимараты |
1 |