Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 27 тамыз күні өтеді

Ақтау қаласының қоғамдық  кеңесінің отырысы 2026 жылғы 27 тамыз күні өтеді

Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 27 тамыз  күні сағат 15:00-де қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді   (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат 401).

Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

1. «Қалалық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №28/172 «2026-2028 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

2. «Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №28/178 «2026-2028 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

3. Қала әкімдігінің халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша жұмыстары туралы

4. Жарғылық капиталындағы қатысу үлестері Ақтау қаласының коммуналдық меншігінде болатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы

5. Маңғыстау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика объектілерінің жылыту маусымына дайындығы туралы және тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға берілген ыссы судың сапасы туралы.

          Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 4 қабат/каб.401.

          ҚК   төрағасы                                                                         С. Карипов

          

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-aktau/press/events/details/48090?lang=kk