Қарағанды облысы бойынша МКД-де салтанатты іс-шара өтті.

Қарағанды облысы бойынша МКД-де салтанатты іс-шара өтті.

17.08.2026 жылы, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Департамент басшысы Усембаев Біржан Жолдасұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Салтанатты жағдайда мінсіз қызметі және жоғары жұмыс көрсеткіштері үшін үздік қызметкерлері 🏅 «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет мадақтамаларымен марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен және мерекемен құттықтаймыз!🇰🇿

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/events/details/47998?lang=kk