Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы № 474 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

Елшіліктің мекенжайы: Birger Jarlsgatan 37, 3 tr., 111 45, Stockholm.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 25-тармағына сәйкес, сайлауға қатысу құқығы және ниеті бар азаматтардың № 474 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу үшін тиісті деректерді (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Швециядағы мекенжайы, байланыс деректерді) «Құрылтай-2026» белгісімен келесі электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: kaz.consul.se@gmail.com.
Сайлау өтетін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алып келу қажет екеніне назар аударамыз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/events/details/47965?lang=kk