Бүгін — еліміздің мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін маңызды күн. 14 тамыз — Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні.
Бұл күн — ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға және салықтық әрі кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге өз үлесін қосып жүрген мамандардың еңбегін атап өтетін ерекше күн.
💐 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті атынан барлық әріптестерімізді кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілейміз!
🤝 Күнделікті еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Мемлекет игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрдайым абыройлы болсын!
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері күні құтты болсын!
14 тамыз — Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/events/details/47952?lang=kk