2026 жылғы 10 шілдеде Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Бақты» кеден бекетінде кеден өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № КГД-13-13/16251-ИН нұсқау хатымен таныстырылды.
Кездесу барысында Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану тәртібі түсіндірілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 226-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар кеден заңнамасын қолданудың өзекті мәселелерін талқылап, қойылған сұрақтарына жан-жақты жауап алды.
«Бақты» кеден бекетінде дөңгелек үстел өтті.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/events/details/47523?lang=kk