Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының
Іле аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына
өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына Алматы облысы Іле ауданының мәслихаты № 356, 1016, 1008, 360, 399, 405, 406 учаскелік комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссияларының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар округтік және учаскелік комиссияларының өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 3 тамыздан 17 тамызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссиясыны құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 17 тамызға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 08:00-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағ.12:30-ден 14:00-ға дейін.
Іле аудандық мәслихаты
Іле аудандық мәслихатының төрағасы – М.Б.Карибаев
Мәслихаттың орналасқан жері: Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесі, 8.
Жауапты тұлғалар – Мусаев Бахыт Жармағанбетұлы, Еркін Ұлжан Еркінқызы. № 214, 215 каб., қызметтік телефондарының нөмірі: (8727)2517037, (872752)20027, электрондық пошта мекенжайы: ile-maslihat@mail.ru.
Іле аудандық мәслихаты 10 кандидатты - учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды
|
№ р/с |
участок нөмірі |
Учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері
|
Комиссиясы мүшелерінің саны |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары – 10 |
|||
|
1. |
356 |
Кенен Әзірбаев ауылы, Егемендік көшесі № 103 А, "Волковгеология" акционерлік қоғамының филиалы |
3 |
|
2. |
1016 |
Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі № 30, "Іле аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимараты |
1 |
|
3. |
1008 |
Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі № 14 В, "№ 28 мектеп-гимназия" мемлекеттік коммуналдық мекемесі, оң қанат |
1 |
|
4. |
360 |
Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі № 14 Б, "№ 9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі, оң қанат |
1 |
|
5. |
399 |
Асқар Тоқпанов ауылы, № 16194 әскери бөлімінің клубы |
2 |
|
6. |
405 |
Мұхаметжан Түймебаев ауылы, "Первомайские пруды" әскери қалашығы № 8 Б/1. |
1 |
|
7. |
406 |
Көкқайнар ауылы, Астана көшесі № 2, "№ 29 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
1 |
Іле аудандық мәслихаты